Тақырыбы: Улы өсімдіктер туралы кеңес
Улы өсімдіктер мен жәндіктер — әсіресе жаз мезгілінде балалар үшін қауіпті. Табиғатта серуендеу кезінде сақтық шараларын сақтау өте маңызды.
Кейбір өсімдіктер теріге немесе ағзаға зиян келтіруі мүмкін, мысалы:
- Борщевик – теріге тигенде күйікке ұқсас жара пайда болады
- Дурман – улы, иісін жұту да қауіпті
- Белладонна – өте улы өсімдік
Сақтық шаралары:
- Бейтаныс өсімдіктерді ұстамау
- Ауызға салмау, иіскемеу
- Балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Улы жәндіктер туралы кеңес:
Қауіпті жәндіктер:
- Ара
- Құмырсқа (кейбір түрлері шағады)
- Кене
- Өрмекші
Сақтық шаралары:
- Ашық түсті, жабық киім кию
- Орман, шөп арасында жүргенде абай болу
- Жәндіктерді ұстамау, мазаламау
- Репеллент құралдарын қолдану
Шаққанда немесе уланған жағдайда:
Өсімдікке тигенде:
- Зақымданған жерді сабынмен жуу
- Күн сәулесінен қорғау
- Қажет болса дәрігерге қаралу
Жәндік шаққанда:
- Шаққан жерді өңдеу (салқын компресс)
- Қышуды қасымай, бақылау
- Аллергиялық реакция болса – дереу дәрігерге жүгіну
Балаларға арналған кеңес:
- Балаларды қараусыз қалдырмау
- Табиғатта ойнағанда қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
- Бөбекжай-бақша аумағын тексеріп отыру