Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №189 ғимарат
8- (726 -31) 2-18-64
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

«Айгөлек» ересек тобы тәрбиешісі Төленді Назым Асқарқызы «Әжемнің ертегілері» іс-шарасын ұйымдастырып әжемен бірге балалар жүн сабау, жіп иіру әдістерін бірлесе орындады.


«Құлыншақ» ортаңғы тобы тәрбиешісі Тынышбек Аяулым Бахтиярқызы «Мамандықтар» тақырыбында ойын әрекетін ұйымдастырды.


«Құлыншақ» ортаңғы тобы тәрбиешісі Тынышбек Аяулым Бахтиярқызы «Салауатты өмір салтын ұстанайық» тақырыбында ата-аналармен іс-шара ұйымдастырды.


Музыка жетекшісі Зейноллаева Райхан Мансұрқызы "Көңілді әуендер" тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара


"Балбөбек" ересек тобы тәрбиешілері Мусабекова Гульнара Каримбердиевна мен Оракбаева Болаткалиевнаның ұйымдастыруымен ұйымдастырылған іс-шаралар фотолары


«Балапан» бөбекжай-бақшасының «Балбөбек» ересек тобы тәрбиешісі  Оракбаева Нурайлымның  ұйымдастыруымен «Менің әкем полиция қызметкері » іс-шарасы ұйымдастырылды.


«Балапан» бөбекжай-бақшасының «Балбөбек» ересек тобы тәрбиешісі  Мусабекова Гульнара Каримбердиевнаның  ұйымдастыруымен «Мамандықтар иесі » іс-шарасы ұйымдастырылды.


«Балапан» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі Зейноллоева Райхан Мансұрқызының ұйымдастыруымен «Қазақшаң қалай балақай» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қатысушы : «Айгөлек» ересек тобы тәрбиеленушісі Кушпед Ясмин Викторовна


«Балапан» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі Зейноллоева Райхан Мансұрқызының ұйымдастыруымен «Көңілді әуендер» іс-шарасы ұйымдастырылды. 


Логопед Жұмабекова Гүлім Бағдатқызы, Мектеп жасына дейінгі балаларының сөйлеу тілін түзету және дамыту шараларын ұйымдастыруда.


Дене шынықтыру нұсқаушысы Секербекова Жазира Бейсенбековнаның ұйымдастыруымен жүргізілген ойындар

"Құлыншақ" ортаңғы тобы тәрбиешісі Тынышбек Аяулым Бахтиярқызы
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша 2026 жылға арналған жоспардың
 «Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерімен» бөлімінің
 4-тармағына сәйкес "Бірге ойнаймыз" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

"Айгөлек" ересек тобы тәрбиешісі Канатова Маягул Сейитовна "Ғарыш әлеміне саяхат" іс-шарасын ұйымдастырды.

1. «Балапан» бөбекжай-бақшасының «Гүлдер» мектепалды тобының тәрбиешісі Мырзабаева Венера Аюбаевна «Саңырауқұлақ саясында» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. 

2. «Балапан» бөбекжай-бақшасының «Гүлдер» мектепалды тобының тәрбиешісі Егембердиева Айнура Джанабаевна «Білім кілті» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.

3. «Балапан» бөбекжай-бақшасының «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиешісі
Сарсенбаева Айжан Кестаевна «Ғарыш әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.


«Сыйлық шеңбері” шебер сынып.

Мақсаты: семинарға келген педагогтар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру. Бір-біріне жылы сөз айту арқылы эмоционалдық байланыс орнату. Өзін-өзі бағалауды көтеру, көңіл-күйді жақсарту
Қатысушылар:семинарға келген қонақтар
Қажетті құралдар: жұмсақ ойыншық немесе доп, музыка (жай, жағымды), стикерлер
 I. Кіріспе
Жүргізуші:
– Құрметті әріптестер! Бүгін біз сіздермен «Сыйлық шеңбері» атты шағын, бірақ жүрекке жылы тренинг өткіземіз. Бұл жерде әрқайсыңыз бір-біріңізге ерекше сыйлық – жылы сөз, жақсы тілек сыйлайсыздар.
 II. Шаттық шеңбері
Қатысушылар шеңберге тұрады
 Тапсырма:
Жүргізуші қолындағы допты (немесе ойыншықты) бір адамға береді.
Сол адам:өз есімін айтады және өзіне бір жақсы қасиетін қосады.
Мысалы: «Мен – Гүлмира, мен сабырлымын». Содан кейін допты келесі адамға береді
III. Негізгі бөлім – «Сыйлық беру»
Тапсырма: қатысушылар шеңберде тұрып, бір-біріне «сыйлық» береді (бұл – материалдық емес, яғни сөз арқылы)
Шарты:
1.Әр қатысушы жанындағы адамға қарап, оған «сыйлық» айтады
2.Сыйлық – комплимент, тілек, жақсы қасиетті атап өту
Мысалы:
 • «Мен сізге шыдамдылық пен шабыт сыйлаймын»
 • «Сізге қуаныш пен табыс тілеймін»
 • «Сіз өте мейірімді жансыз, осы қасиетіңіз арта берсін»
 Шеңбер толық айналып шығуы керек
ІV.«Үш сөз» ойыны
Тапсырма: қатысушыларға 3 сөз беріледі. Сол сөздерді қатыстырып, бір сөйлем немесе шағын ой құрастыруы керек.
1. Сөздер: Күн – қуаныш – бала
Сөйлем: Күннің шуағындай бала қуаныш сыйлайды.
2.Сөздер: Достық – жүрек – жылу
Сөйлем: Достық жүректен шыққан жылумен нығаяы.
3.СөздерЕңбек – табыс – қуаныш
Сөйлем:Еңбек еткен адам табысқа жетіп, қуанышқа бөленеді.
4.Сөздер:Табиғат – гүл – әсемдік
 Сөйлем:Табиғаттағы гүлдер әлемге әсемдік сыйлайды.
5.Сөздер:Мейірім – сөз – көңіл.
Сөйлем:Мейірімді сөз адамның көңілін көтереді.
V. Рефлексия (3–5 минут)
Сұрақтар:
1.Қандай сезімде болдыңыз?
2.Сыйлық беру оңай болды ма, әлде алу ма?
3.Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыз?
Қорытынды:
Жүргізуші: Жылы сөз – ең құнды сыйлық. Бүгін біз бір-бірімізге сол сыйлықты шын жүректен сыйладық. Осындай мейірімділік әрдайым ортамызда болсын.

“Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің “Балапан” бөбекжай-бақшасы” мемлекеттік
 коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

ХАТТАМА

Өткізілген күні: 30.05.2025 ж
Өткізілген орны: музыкалық зал
Тақырыбы: «Сыйлық шеңбері» тренингі
Мақсаты: Қонақ педагогтар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, бір-біріне жылы қарым-қатынас орнату, эмоционалдық қолдау көрсету.
Қатысушылар: 15 педагог
Жауапты: педагог-психолог Сулейменова С
Тренинг барысы:
Тренинг барысында педагогтармен «Сыйлық шеңбері» атты психологиялық жаттығу өткізілді. Қатысушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер мен жақсы тілектер білдірді. Жүргізуші қолындағы допты (немесе ойыншықты) бір адамға берді. Алған адам:өз есімін айтты және өзіне бір жақсы қасиетін қосып айтты. : қатысушылар шеңберде тұрып, бір-біріне «сыйлық» береді (бұл – материалдық емес, яғни сөз арқылы)
“Сыйлық беру” тренингінде әр қатысушы жанындағы адамға қарап, оған сыйлыққа жылы сөздер айтып сыйлады.Сыйлық – комплимент, тілек, жақсы қасиетті атап өтті.
Келесі кезеңде «Үш сөз» ойыны жүргізілді. Қатысушыларға 3 сөз берілді, сол сөздерді қатыстырып, бір сөйлем немесе шағын ой құрастырды.
Бұл жаттығу педагогтар арасында сенімділік пен ашықтықты арттырды. Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алған жағымды эмоцияларын атап өтті
Қорытынды: тренинг өз мақсатына жетті. Қатысушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды көңіл-күйде болды. Педагогтар арасында достық қарым-қатынас нығайып, жағымды психологиялық орта қалыптасты.

Жауапты маман: педагог-психолог Сулейменова С

Ойнаймыз және ойлаймыз, мектеп жасына дейінгі балалармен тренингтер

«Қимылды қайтала» ойыны

«Сәлемдесу» ойыны

«Сәлемдесу» тренингі

“Стакан” ойыны

“Көңіл-күй” ойыны

“Доп” ойыны

Атауы Жүктеу
1 Бағдарлама ЭКО ЛАБ 2024 - 2025.
2 Балабақша тынысы 2024
3 Кішкентай зерттеушілер 2024
4 Облыстық семинардан суреттер
5 Толағай 2024 анықтама
6 Экология бойынша семинар материалдары 2024
7 Ата - аналармен жұмыс 2024 - 2025
8 Тәуелсіз елдің ұланымыз іс - шара

 


























1 Наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай
“Балапан” бөбекжай - бақшасында мерекелік іс - шара ұйымдастырылды.
Іс - шараға, Т.Рысқұлов ауданы “Аналар” кеңесі төрайымы Алагөзова Түзел Селбаева. “Әжелер мектебі” мүшесі Әнетова Рысбике педагогикалық еңбек ардагері Егембердиева Жасулан Канатович Т.Рысқұлов АПБ ЖПБ - де ювеналды полиция тобының аумақтық инспекторы және т.б. қонақтар қатысып, бүлдіршіндердің өнерін тамашалады