Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №189 ғимарат
8- (726 -31) 2-18-64
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Мақсаты:
Ата-аналардың бала денсаулығын сақтаудағы рөлін түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын көрсету.
Міндеттері:
• Ата-аналардың денсаулық туралы білімін кеңейту
• Дұрыс тамақтану мен қозғалыстың маңызын түсіндіру
• Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға бағыт беру
Қатысушылар: ата-аналар
Өткізуші: психолог
Ұзақтығы: 15–20 минут
Қажетті құралдар:
плакат, маркер, түрлі түсті қағаздар, жапырақтар, карточкалар, стикерлер.
I. Кіріспе бөлім (5 минут)
Психолог сөзі:
«Қайырлы күн, құрметті аналар мен бүлдіршіндер! Бүгін біз салауатты өмір салты туралы бірге ой бөлісіп, қызықты ойындар ойнаймыз. Салауатты өмір – тек дұрыс тамақтану емес, ол – қуаныш, қозғалыс, жақсы көңіл күй және бір-бірімізге деген мейірім.»
Барлығы бір-біріне күлімсіреп, қол ұстасады.
Жаттығу:
Әр ана баласының атын айтып, бір жақсы қасиетін айтады.
Негізгі бөлім:
2. «Күн шуағы» жаттығуы
Ортада күннің суреті болады.
Психолог сұрайды:
«Салауатты өмір салты дегенде ойларыңызға не келеді?»
Аналар мен балалар кезекпен айтып, күннің сәулесіне жапсырады.
Мысалы:
• спорт
• таза ауа
• дұрыс тамақ
• күлкі
• жақсы көңіл күй
• ұйқы
• витаминдер


3. Қимылды ойын «Біз бірге жасаймыз»
Психолог түрлі әрекеттер айтады, ана мен бала бірге орындайды.
Мысалы:
• Таңертеңгі жаттығу жасаймыз
• Бірге секіреміз
• Қолымызды жуамыз
• Жеміс жейміз
• Серуендейміз


Бұл ойын балаларға өте көңілді өтеді.
4. Арт-жаттығу «Біздің денсаулық ағашымыз»
Әр ана мен балаға жапырақтар беріледі.
Тапсырма:
Жапыраққа денсаулыққа пайдалы бір нәрсе салу немесе жазу.
Мысалы:
• алма
• су
• спорт
• күн
• серуен


Соңында бәрі ағашқа жапсырады.
Психолог қорытындылайды:
«Қараңыздаршы, біздің денсаулық ағашымыз қандай әдемі болды. Бұл – біздің отбасымыздың дені сау, бақытты болуына көмектесетін жақсы әдеттер»
5. Релаксация «Ана құшағы»
Балалар аналарын құшақтап, көздерін жұмады.
Психолог баяу айтады:
«Ана құшағы – ең жылы, ең қауіпсіз орын. Әр бала анасының жанында өзін бақытты сезінеді.
6. Қорытынды
Психолог:
«Салауатты өмір салты – әр отбасының бақытының кепілі. Бала ата-анасына қарап өседі. Сондықтан бірге спортпен шұғылданып, бірге серуендеп, жақсы көңіл күй сыйлайық.»
Аналар мен балалар бір-біріне «Дені сау бол!» деп тілек айтады.

 

“Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің “Балапан” бөбекжай-бақшасы” мемлекеттік

 коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

ХАТТАМА

Тақырыбы: «Салауатты өмір салты – болашақ кепілі»

Өткізілген күні: 27.03.2026

Өткізілген орны: музыкалық зал

Қатысушылар: ата-аналар

Қатысушылар саны: 8 отбасы

Өткізуші: психолог

Мақсаты: ата-аналарға бала денсаулығын сақтаудағы рөлін түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын көрсету.

Міндеттері:

1.Ата-аналардың денсаулық туралы білімін кеңейту

2.Дұрыс тамақтану мен қозғалыстың маңызын түсіндіру

3.Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға бағыт беру

Өту барысы:

І. Кіріспе бөлім

   Психолог ата-аналармен амандасып, тренинг тақырыбымен таныстырды.

Салауатты өмір салтының маңызы туралы қысқаша түсіндірме берілді.

ІІ. Танысу жаттығуы «Жақсы көңіл күй шеңбері»

Ата-аналар шеңберге тұрып, өздерін таныстырып,

«Менің баламның дені сау болуы үшін мен …» сөйлемін жалғастырды.

Қатысушылар белсенділік танытты, жақсы атмосфера қалыптасты.

ІІІ. Негізгі бөлім

1-жаттығу «Денсаулық ағашы» (10 минут)

Ата-аналарға жапырақтар таратылып, бала денсаулығына әсер ететін факторларды жазды.

Мысалы: дұрыс тамақтану, спорт, таза ауа, ұйқы, жақсы көңіл күй.

Жапырақтар ағашқа жапсырылды.

Қорытынды: бала денсаулығы – жақсы әдеттердің нәтижесі екені айтылды.

2-жаттығу «Пайдалы және зиянды әдеттер» (10 минут)

Ата-аналар екі топқа бөлінді.

Берілген карточкаларды «пайдалы» және «зиянды» әдеттерге бөлді.

Талқылау жүргізілді:

  • Балалар көбіне әдетті ата-анадан үйренеді
  • Денсаулыққа әсер ететін негізгі факторлар анықталды

3-жаттығу «Бір күндік режим» (10 минут)

Ата-аналар баланың күн тәртібін құрастырды.

Мысал ретінде уақыт кестесі ұсынылды.

Қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Қорытынды: тренинг барысында ата-аналар салауатты өмір салтының маңызын түсінді.Баланың денсаулығын сақтау ата-ана мен балабақшаның бірлескен жұмысы екені атап өтілді.Қатысушылар белсенділік танытып, пайдалы ақпарат алды.

Ұсыныстар:

1.Баланың күн тәртібін тұрақты сақтау

2.Дұрыс тамақтануды қалыптастыру

3.Күнделікті қозғалыс пен таза ауада серуен ұйымдастыру

4.Ата-ана үлгі болу

Өткізуші: __________________

Қолы: __________________