Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №189 ғимарат
8- (726 -31) 2-18-64
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Атауы Жүктеу
1 Штаттық кесте 2024

Тәрбиеленушілер саны

Топтар

Топ саны

Бала саны

Кіші топ

 (2 жастағы балалар)

1

25

Ортаңғы топ

(3 жастағы балалар)

2

50

Ересек топ

 (4 жастағы балалар)

2

50

Мектепалды топ

(5 жастағы балалар)

1

25

Барлығы

6

150

Топ атауы:

Топ атауы

Тәрбиеленуші саны

1

«Құлпынай» кіші тобы

(2 жастағы балалар)

25 тәрбиеленуші

2

«Құлыншақ» ортаңғы тобы (3 жастағы балалар)

25 тәрбиеленуші

3

«Қарлығаш» ортаңғы тобы (3 жастағы балалар)

25 тәрбиеленуші

4

«Айгөлек» ересек тобы (4 жастағы балалар)

25 тәрбиеленуші

5

«Балбөбек» ересек тобы (4 жастағы балалар)

25 тәрбиеленуші

6

«Гүлдер» мектепалды тобы (5 жастағы балалар)

25 тәрбиеленуші

Жалпы

150

Кіріспе

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай - бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 қаулысына сүйене отырып, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 27 тамыз 2012 жылғы №324 қаулысы негізінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балапан» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып ашылуға рұқсат берілді.

«Балапан» бөбекжай - бақшасы» - 01 желтоқсан 2012 жылдан бастап қызмет жасайды. Оқу - тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. 

Бөбекжай - бақша бойынша жалпы - 6 топ бар. Жобалық қуаттылығы - 150 орын. Бөбекжай - бақшаның алғашқы меңгерушісі Досмуханбетова Акбота Алимбердиевна 2012 - 2022 жылдар аралығында бөбекжай - бақшада басшылық қызмет атқарып, бөбекжай - бақшаның дамуына зор үлес қосты.

2022 жылдың 18 сәуірінен бастап «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлеткеттік мекемесінің бірінші басшыларды ротациялауды жүргізі бойынша №24 - Ж/Қ бұйрығымен бөбекжай - бақшаға Шамшиева Раушан Орынбасаровна басшылық жасап келеді.

2025 - 2026 оқу жылындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны - 150 , оның ішінде «Құлпынай» кіші тобы - 25 бала, «Құлыншақ» ортаңғы тобы - 25 бала, «Қарлығаш» ересек тобы - 25 бала, «Айгөлек» ересек тобы - 25 бала, «Балбөбек» ересек тобы - 25 бала және «Гүлдер» мектепалды тобы - 25 бала.

Бөбекжай - бақшада жалпы 19 педагог қызмет атқарады. 

Бөбекжай - бақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық - кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік - эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени - әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш - жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым - қатынастардың әлеміне ертетін ересектердің бірі - тәрбиеші. Қазіргі кезде ата - ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақты рухани - адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата - аналардан шығармашылықты талап етеді. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден бір жолы - өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Егемендігіміз баянды болып, ел ертеңі жарқын болсын десек, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие беру - парыз!